Аннотации:
Топтық объективті құрылымдық клиникалық емтиханды өткізу студенттердің ауруханаға дейінгі кезеңде жедел медициналық бригада шарттарына максималды жақын болатын жедел жағдай бойынша білімін ұтымды және заманауи үлгіде бағалау нұсқасы болып табылады. Жұмыстың мақсаты «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттерінің мемлекеттік аттестациялық бақылаудан өтуі кезіндегі топтық объективті құрылымдық клиникалық емтихандыны меңгеруін бақылау болып табылады.
Топтық объективті құрылымдық клиникалық емтихандыны өткізудегі жағымды жақтарды атап өткен жөн, бағалау парағын оптикалық тануды пайдалана отырып баллдар автоматттандырылған жүйемен есептеледі, студентке таныс емес стандартталған пациенттердің тартылуы, өздеріне таныс емес пациенттер алдындағы комммуникативті дағдыларды студенттердің ұстануларын емтихан бақылаушыларына бақылау мүмкіндігі туды. Топтық объективті құрылымдық клиникалық емтихандыны өткізуде кейбір кемшіліктер болды және ол кемшіліктер студенттердің коммуникативті дағдыларды жеткілікті көрсете алмауымен, нақты айтқанда төтенше жағдайда, ЖОО-да әліде болса коммуникативті дағдыларды жетілдіру керектігін көрсетті.