Abstract:
Мақалада Қарағанды қаласының мектептерінде 2014 жылғы қабылданған «Білім беру объектілеріне санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар талаптарының іс жүзінде орындалуы қарастырылды. Талдау жұмысы барысында зерттеуге алынған санитариялық қағидаларының негізгі 8 пунктінің нәтижесі оқу үрдісінің ұйымдастырылуы оқу жүктемесінің ұтымсыз бөлінуімен сипатталатынын көрсетті. Сонымен қатар, сабақ кестесін құру пәннің қиындық дәрежесін, сонымен қоса оқу күнінде баланың жұмысқа қабілеттілік өзгерісінің физиологиялық принциптері ескерілмей жүргізілгені анықталды.