Диабет алды жағдаймен ауыратын науқастардағы интима-медиа қалыңдығы мен инсулинге төзімділік көрсеткіштерінің ENDOCAN-1 деңгейі арасындағы байланысы

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Парахина, В.Ф.
dc.contributor.author Ларюшина, Е.М.
dc.contributor.author Тургунова, Д.Г.
dc.contributor.author Шерьязданова, Д.Н.
dc.contributor.author Шалыгина, А.А.
dc.contributor.author Бугибаева, А.Б.
dc.date.accessioned 2022-05-13T09:10:16Z
dc.date.available 2022-05-13T09:10:16Z
dc.date.issued 2020-10
dc.identifier.uri http://repoz.kgmu.kz/handle/123456789/534
dc.description.abstract Предиабетпен ауыратын науқастардағы қан тамырлары қабырғасының өзгеруі қазіргі уақытта жақсы түсінілмеген, дегенмен, тіпті преддиабет сатысында эндотелий дисфункциясы (ЭД) пайда болады. Мақсаты: диабет алды жағдайы бар науқастардағы эндотелиальды дисфункция маркері - Endocan-1, интима-медиа қалыңдығы (ИМҚ) және инсулинге төзімділік (ИТ) көрсеткіштері арасындағы байланысты зерттеу. Материалдары мен әдістері: 18-ден 65 жасқа дейінгі 133 адамның қатысуымен кросс-секциялық бақылаулы зерттеу жүргізілді. Сауалнама мен клиникалық бағалау жүргізілгеннен кейін, зерттеуге қатысушылар 2 топқа бөлінді: 1 топ (n=55) – диабет алды жағдаймен ауыратын науқастар, 2 топ (n=78) – диабет алды жағдайы жоқ науқастар. HbA1c деңгейі 5,7% -дан 6,4% дейін көрсеткіш диабет алды жағдай деп саналды. Жалпы ұйқы артериясын (ЖҰА) ультрадыбыспен өлшеуде ИМҚ≥0,9 мм болуы атеросклероздың бар екендігін көрсетті. Нәтижелер: Endocan-1 деңгейіндегі айтарлықтай айырмашылықтар 1-тобы (орташа±SD: 1787.18±435.1 пг/мл) мен 2 топ (626.19±118.1 пг/мл; p=0.01) арасында анықталды. Сондай-ақ ИМҚ зерттеуінде 2-топпен салыстырғанда 1-ші топтағы науқастарда айтарлықтай айырмашылықтар табылды, осылайша оң ЖҰА-ның ИМҚ 0,85±0,18 мм, сол жақ ЖҰА-ның ИМҚ 0,96±0,22 мм (p=0,03) диабет алды жағдаймен ауыратын науқастарда болды. Корреляциялық талдауда Endocan-1, оң ЖҰА-ның ИМҚ (r=0.62; p=0.005), сол жақ ЖҰА-ның ИМҚ (r=0.86; p≤0.001) және атеросклероз (r=0.86; p≤0,001) араларында корреляциялық байланыс анықталды. Бұл мәліметтер диабет алды жағдаймен ауыратын науқастарда Endocan-1 жоғарылауы ЖҰА-ның ИМҚ қалындауымен байланысты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, Endocan-1 деңгейінің жоғарылауы осы науқастарда суб-клиникалық атеросклероздың дамуына әсер етеді. Endocan-1 инсулинмен (r=0,27; p=0,03), IR-HOMA индексімен (r=0,37; p=0,02), C-пептидпен (r=0,23; p=0,03), аш қарындағы глюкозамен (r=0,22; p=0,05) дәлелді корреляцияны көрсетті. Қорытынды: біз диабет алды жағдаймен ауыратын науқастарда Endocan-1 биомаркері, ЖҰА-ның ИМҚ және ИТ арасындағы байланысы бар екендігі анықталды. ИТ жоғарлауы Endocan-1 деңгейінің және ИМҚ-ның жоғарылата отырып, науқастарда ЭД және жүрек-қан тамырлары қаупінің жоғарлауына алып келеді. en_US
dc.subject диабет алды жағдай en_US
dc.subject Endocan-1 en_US
dc.subject медиана интимдік қалыңдығы en_US
dc.subject эндотелий дисфункциясы en_US
dc.title Диабет алды жағдаймен ауыратын науқастардағы интима-медиа қалыңдығы мен инсулинге төзімділік көрсеткіштерінің ENDOCAN-1 деңгейі арасындағы байланысы en_US
dc.type Article en_US


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в Репозитории НАО МУК


Просмотр

Моя учетная запись

Статистика