Аннотации:
Иондағыш сәуле әсеріне душар болғандардың кӛптеген бҥліндіргіш салдарымен қоса ҧрпақ жаңғырту жҥйесіне де ерекше мән бӛлінеді. Хиросима мен Нагасакидағы атомдық бомбалаудың салдарын зерттеген жапон ғалымдарының еңбектеріндегі нейтронды-белсенді Марганец-56 (56Mn) рaдионуклидінің басым рӛлі заманауи жағдайда да қызығушылық арттырады. Осыған сҥйене отырып, β- мен γ-сәулелеу әсеріне ҧшыраған егеуқҧйрықтардың ӛкпесіндегі микроскопиялық ӛзгерістерді зерттеу мақсатымыз туындады.
Тәжірибе жҥзінде «Вистар» тҧқымды 227-335 гр салмағы бар аталық жынысты 30 егеуқҧйрық пайдаланылған. Жануарларға сәулелеуден кейін 3-ші, 14-ші және 60-шы тәуліктерде некропсия жҥргізу барысында аталық бездерін алып, 10%-тік формалинде фиксацияладық. Тін фрагменттерін парафинге қҧйып, қалыңдығы 4 мкм кӛлденең сериялық кесінділер дайындап, әрі қарай гематоксилин мен эозинмен (H&Е) боядық.
Тәжірибелік зерттеу нәтижелеріне сай, сыртқы сәулелеу (60Со) әсерімен салыстырғанда, марганецтің нейтронды-белсендірілген диоксидінің (56Mn) егеуқҧйрықтар атабездеріне ықпалы кеш мерзімі аясында аңғарылған дистрофиялық пен некробиоздық ҥдерістердің жҥзінде ішкі сәулелеудің әсер ету қаупі жоғарырақ екені қҧпталған. Алынған нәтижелер, негізінен иондағыш радиацияның әсерінен туындайтын гистоморфологиялық ӛзгерістер сипатының жалпы сәулелеудің дозасы мен тҥріне байланысты дамитыны дәлелденген.