Аннотации:
Бұл мақала негізінен іріңді – қабыну аурулары кезіндегі анықталған Candida туысындағы саңы-рауқұлақтардың биоүлбір түзу ерекшеліктеріне арналған. Іріңді – қабыну аурулары кезіндегі қазіргі уақыттағы емдеу кестесінің өзгеруіне басты себеп ол көп жасушалы ағзалардың биоүлбір түзу ерекшеліктерінде болып отыр. Биоүлбір түзу қабілетін және антимикотикалық тұрақтылығын анықтау мақсатында іріңді – қабыну аурула-рымен ауырған 30 науқастан бөлінген биоматериалдағы Candida туысындағы саңырауқұлақтарды зерттедік. Зерттеу барысында C. аlbicans-тың қазіргі уақыттағы емдеу үрдісі кезінде оған тұрақтылықтың даму себебі биоүлбір түзу ерекшелігінде екені айқындалды.