Аннотации:
Заманауи химия ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – табиғи өсімдік
шикізатын тиімді пайдалану әдістерін іздестіру және соның негізінде жаңа
биологиялық белсенді қосылыстар жасап шығару. Қазақстанның флорасында
таралған көптеген табиғи алкалоидтардың ішінде Thermopsis lanceolata
өсімдігінен алынатын цитизин алкалоиды ерекше орын алады, ол
өнеркәсіптік тұрғыдан қолжетімді, сондай-ақ аналептикалық және темекіге
қарсы белсенділікке ие [1]. Өсімдік алкалоидтарының құрылымына басқа
фармакафорлы фрагменттерді қосу, соның ішінде физиологиялық белсенді
гетероциклдық қосылыстарды қосу – жаңа биологиялық белсенді заттардың
химиялық дизайнында негізгі әдістердің бірі. Цитизин алкалоидтарының
көптеген туындыларының ішінде алкалоидтың өзіне тән емес биологиялық
белсенді топтар кездеседі: палительді [2, 3], холинотропты [4],
гемостатикалық [5], антиаритмикалық [6]. Осыған байланысты біз құрамында
кейбір фармакофорлы топтар мен гетероциклды қалдықтар бар цитизин
алкалоидының химиялық трансформациясын жасадық