Аннотации:
Қазіргі таңда көмекші заттар барлық дерлік таблеткалардың маңызды әрі
жиі қолданылатын компоненттері болып отыр. Көмекші заттар тек
геометриялық пішін беру үшін ғана емес, дәрілік түрдің тиімділігіне,
қауіпсіздігіне, сапасына және де тұрақтылығына әсерін тигізеді. Заманауи
дәрілік препараттардың ассортименті және олардың мүмкіндіктері кеңейуіне
байланысты, көмекші заттардың ассортименті де кеңейіп отыр, осыған орай бұл
тақырып өзекті болып табылады.