Аннотации:
Мақала интерндердің кері байланысы негізінде медициналық жоғарғы оқу орнында білім беру үрдісінің сапасын зерттеуге арналған. Зерттелетін мәселенің өзектілігі қазіргі білім беру үрдісіне қатысушылар арасындағы жүйелі және ұйымдастырылған кері байланыс рөлінің артуына байланысты белсенді оқытуды орнатуға негізделген. Алынған нәтижелер интерндер алатын білім сапасын толық және объективті бағалаушылар екендігін көрсетті. Кері байланыс деректері білім беру үрдісін сапалы жақсартуға мүмкіндік береді.