Аннотации:
КЕАҚ «Қарағанды медицина университеті» Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедра-
сында «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламасы бойынша «Фармакология негіздері» пәнін оқитын студенттерді
қашықтықтан оқыту аспектілері қаралды.
Медициналық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту формасын қолдану пікірталас болып қалады,
өйткені медициналық білім берудің оқытушы-студент, дәрігер-пациент қатынастарына байланысты өзіндік ерек-
шеліктері бар.Бірақ мұндай жағдайларда да бұл оқыту форматы өзінің икемділігін көрсетеді. Қашықтықтан оқыту
әрбір студенттің өздігінен білім алуына шексіз мүмкіндіктер береді, тәртіпті дамытады, орналасқан жеріне немесе
жұмыс орнына қарамастан қажетті білім алуға көмектеседі. Қашықтықтан оқыту COVID-19 пандемиясы кезінде
ерекше маңызға ие болды.
Авторлар қашықтан оқыту формаларын қолданудың талдауын, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін
ұсынады. Мақалада оқытушылар коммуникативті, оқу-тәрбиелік, мотивациялық, ұйымдастырушылық және техника-
лық процестерде кездескен қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудағы қиындықтар көрсетілген.Сонымен
қатар, Moodle білім беру платформасында күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін қашықтықтан оқытуды қолдану
мүмкіндіктері мен тәжірибесі ашылып, дәлелденген