Батыс Қазақстан аймақтарындағы кәсіби аурушаңдықтың медициналық-әлеуметтік аспектілері

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Шаймбетов, Жангельды Мырзагельдиевич
dc.date.accessioned 2023-11-03T06:20:10Z
dc.date.available 2023-11-03T06:20:10Z
dc.date.issued 2021
dc.identifier.uri http://repoz.kgmu.kz/handle/123456789/688
dc.description.abstract Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басты басымдығы елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту болып табылады. Қоғамның материалдық және экономикалық әл-ауқатының негізі жұмыс күші болып табылады. Ресми статистикалық ақпарат деректері бойынша Қазақстан Республикасы халқының 50,3%-ын еліміздің жұмыс күші құрайды. Қазіргі уақытта Республикада елді индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асырылуда, бұл экономикалық белсенді халық санының одан әрі өсуіне алып келеді. Жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында Қазақстан ғалымдары жүргізген көп жылдық гигиеналық зерттеулер бойынша өндірістік нысандардың еңбек жағдайларын аттестаттау нәтижесінде республиканың өнеркәсіп кәсіпорындарының 80%-ы, өндірістік және қоршаған орта санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтінін көрсетті (Сатыбалдиева У.А., 2015; Мамырбаев А.А және т.б., 2013; Мамырбаев А.А., 2015). 2 мыңнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындардың жыл сайын ондаған миллион тонна зиянды қоспалардың ауа бассейніне түсуіне ықпал ететін қоршаған ортаны ластаушы болып табылатыны анықталды (Нурмадиева Г.Т. және т.б., 2018). Көптеген кәсіпорындардың әлсіз экономикалық әлеуеті өндірістік нысандарды қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру, машиналар мен жабдықтарды сапалы және уақытылы жөндеу, шаңмен, шумен, дірілмен күрес бойынша санитарлық-техникалық құралдар, жұмыс орнындағы микроклиматтық параметрлерді тұрақтандыру және жұмыс ортасы мен еңбек процесінің басқа да қолайсыз факторларын қалыпқа келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді. Республика бойынша орташа есеппен Батыс Қазақстан аймағында экономикалық белсенді халықтың саны сәл жоғары және 66,3% - ды құрайды. Олардың ішінде 150 мыңнан астамы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайды. Алайда аймақтағы кәсіби аурушаңдық көрсеткіші Республика бойынша ең төмендердің бірі. Сонымен қатар, өңірде орналасқан мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу, тау-кен өнеркәсібінің ірі өндірістік кешендері, мұнай-химия өнеркәсібі кластері, құрылыс индустриясы кәсіпорындары өндірістік ортаның зияндылық дәрежесі және өндірістік процестердің ауырлығы бойынша зиянды және қауіпті болып табылады. Қазақстанда соңғы 10-15 жылда көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың ұйымдық-құқықтық меншік нысандарының өзгеруіне байланысты кәсіпорындарда медициналық қамтамасыз ету жүйесі бұзылған, бұл жұмыс жасайтын халықтың сырқаттануы мен өлімнің өсу факторларының бірі болып табылады (Мухаметжанова С.Е., 2011). Елдің еңбек ресурстарының сапасы жұмысшылардың санымен ғана емес, олардың денсаулық деңгейімен де айқындалады. Кәсіби аурушаңдық жұмыс жасайтын халық денсаулығының негізгі индикаторы және жұмыс орындарында кәсіби қауіпті бағалаудың маңызды өлшемі болып табылады ( Измеров Н.Ф. және т.б., 2014; Левашов С.П., 2011; Gubernot D.M. et al., 2014; Shengli Niu., 2010). Қазақстанда кәсіби аурушаңдықтың көрсеткіші Ресейдегідей Батыс Еуропа елдері мен Америкаға қарағанда 30-45 есе төмен екенін атап өту қажет (Джакупбекова Г.М. және т.б., 2014). Ресей Федерациясында жыл сайын 7-ден 10 мыңға дейін кәсіби аурулар тіркеледі. Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы күн сайын артып отырған халықтың сұранысына сәйкес келмесе заманауи медицинаның дамуы мүмкін емес. Алайда, денсаулық сақтау мекемелерінің жаңа медициналық техникаға қажеттілігі бүгінгі күні тек 30-40 %-ға ғана қанағаттандырылып отыр. Республиканың денсаулық сақтау саласындағы басқарушылық шешімдер жүйесінде медициналық техникаға сұраныс пен ұсыныс теңгерімі әзірленбеген, медициналық жабдықтардың техникалық жай-күйі және денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық техникаға нақты қажеттілігі туралы деректер базасы қалыптастырылмаған, медициналық жабдықтар мен техниканы сатып алу үшін қаржыландыру көлемін айқындаудың нақты өлшемдері мен индикаторлары жоқ (Татаринцев А.В., 2012). Бұдан басқа, Қазақстан Республикасын қоса алғанда, денсаулық сақтаудың ұлттық жүйелерінің басым бөлігі демографиялық, саяси, әлеуметтік - экономикалық, технологиялық, эпидемиологиялық өзгерістердің ықпалымен күшейе түсетін кадр ресурстарының теңгерімсіздігінің терең түбегейлі қалыптасқан проблемаларына тап болады (Сыздыкова А.А., 2013). Осыған байланысты денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарына тұрақты мониторинг және талдау жүргізу қажеттілігі туындайды (Биртанов Е.A., 2010). Қазіргі уақытта жалпы емдеу желісінде қолданылатын сапа көрсеткіштері тек ішінара ғана қолданылатындықтан міндетті медициналық тексерістің (ММТ) сапасын бағалау кезінде проблемалар туындайды (Прокопенко Л.В. және т.б., 2012; Хоружая О.Г., 2015). ММТ негізгі мақсатына жету, яғни кәсіби аурулардың ерте белгілері мен бастапқы түрлерін анықтау ММТ сапасы мен тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Заңнамаға сәйкес, біздің елімізде ММТ-мен толық қамтылуын және уақтылы өткізілуін бақылауды халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асырады. Алайда ММТ сапасы мен тиімділігін бағалау жеткіліксіз жүргізіледі, өйткені қазіргі жағдайда оны жүргізу тек емдеу мекемелеріне тексеруге байланысты шағымдар жасалған жағдайда ғана мүмкін болады. Сонымен қатар, елде ММТ сапасы мен тиімділігін бағалау бойынша нақты өлшемдер, алгоритмдер мен стандарттар жоқ (Сабитова М.М. және т.б., 2019). Аурудың кәсіппен байланысын сараптау технологиясын жетілдіруді талап ететін көптеген кәсіби аурулардың ағымының ерекшелігі мен көрінісінің өзгеруі, осы патологияның әлеуметтік бағдарлануы қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде оны көрсету тәсілдерін біріздендіруді қамтамасыз ететін кәсіби патологиялық көмек көрсету процестерін стандарттау қажеттілігін анықтайды (Шалыгина Л.С., 2013; Измеров Н.Ф., 2013). Жоғарыда айтылғандар Батыс Қазақстандағы кәсіби аурушаңдық деңгейін анықтайтын негізгі факторларды және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларға медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігін анықтайды. en_US
dc.language.iso other en_US
dc.subject профессионнальные болезни en_US
dc.subject медико-социальная экспертиза en_US
dc.subject емдеу-профилактикалық мекемелер en_US
dc.subject әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры en_US
dc.subject сәйкестік коэффициенті en_US
dc.subject санитарлық ережелер мен нормалар en_US
dc.subject дәрігерлік-медициналық комиссия en_US
dc.subject кәсіби аурулар en_US
dc.subject Батыс Қазақстан облысы en_US
dc.title Батыс Қазақстан аймақтарындағы кәсіби аурушаңдықтың медициналық-әлеуметтік аспектілері en_US
dc.type Thesis en_US


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в Репозитории НАО МУК


Просмотр

Моя учетная запись

Статистика