Abstract:
Заманауи денсаулық сақтау жүйесіне
жаңа сапалы дайындық деңгейіндегі, ғылыми
зерттеу технологиясын меңгерген дәрігер мамандарға қажеттілік әрдайым өсуде. Медициналық маманның талаптарға сай екендігі
және жетістігі бүгінгі таңда еңбек нарығында
көптеген факторлармен анықталады. Бұл жоғарғы оқу орнында оқу жылдарында алынған
жақсы теориялық дайындық және жоғарғы оқу
орнынан кейінгі маманданудан өту барысында
алынған тәжірибелік дағдылар, жасампаздық
және ойлаудың орамдылығы, кәсіби жұмылғыштық және тағы басқалар. Бірақ, біздің
ойымызша, басты факторлардың бірі болашақ маманның ғылыми әлеуеттілігінің болуы.
Ғылыми орынбасарларды дайындау жоғары
білім жүйесінің өзекті мақсаты. Заманауи
дәрігер өздігінен жаңа ғылыми мәліметтер таба
білуі тиіс, зерттеулерді ұйымдастыру, кәсіби
есептерді түсіну, теория жүзінде оларды
негіздеу және тәжірибе жүзінде шешуі керек.
Осыған байланысты медициналық университетте оқу кенеттен болған кәсіби, ұйымдастыру және басқада проблемалық жағдайларда студенттерді белсенді іс әрекеттерге
дайындауы керек, сонымен қатар, жастардың
назарын ғылыми зерттеулерге аудару шараларын іздестіру кадрлық проблемаларды
шешудің бір әдісі ретінде қарастыруға болады
[1, 2, 3, 4].