Аннотации:
Қазіргі кезде елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында көптеген түрлі жұмыстар мен әдістер жүргізілуде. Мақалада пәнаралық оқытудың белсенді әдістерін енгізу туралы қарастырылған. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушылары «Кәсіпорын теория негіздері» және «Құқық негіздері» пәндерінің бірігуімен белсенді әдістерді қолдануымен пәнаралық ашық сабақ жүргізілді. Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, барлық оқытушыларға бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады. Сабақ барысында болашақ білімді де білікті, бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлап шығаруда осындай пәнаралық сабақтардың жүргізілуі қажетті және тиімді әдіс екені анықталды.