2015-2020 Жылдар аралығындағы семей қаласы қуық асты безі обырының эпидемиологиялық көрсеткіштері

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Әбілдаев, Е.Х.
dc.contributor.author Дүйсенғажыева, Ж.М.
dc.contributor.author Жұмабеков, О.Д.
dc.contributor.author Қасымғали, А.Қ.
dc.contributor.author Сәбит, Е.С.
dc.contributor.author Кабыкенов, А.М.
dc.date.accessioned 2022-05-23T09:32:40Z
dc.date.available 2022-05-23T09:32:40Z
dc.date.issued 2021-04
dc.identifier.uri http://repoz.kgmu.kz/handle/123456789/573
dc.description.abstract Ер адамдарға қойылатын рак диагнозі ішінде ең жиі кездесетіні- қуықасты безі обыры(ҚБО). Ол көбінесе жасырын ағымға ие болса да, простата обыры ерлердегі қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің үшінші басты себебі болып қала береді. Тәуекелдің негізгі факторлары- жас және отбасылық бейімшілділік. Диагноз простатспецификалық антиген және саусақпен ректальді зерттеу деңгейінің ауытқулары бар пациенттерде, қуық асты безінің биопсиясы арқылы дәлелденеді. Бұл мақалада қуықасты безі обырының Семей қаласы бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштері: оның жасы, кезеңдері, ұлттары бойынша қарастырылады. Соңғы онжылдықта ауру деңгейі көбінесе простатаға тән антигендерді тестілеуді кеңінен қолдану арқылы өсті, дегенмен простата обырынан болатын өлім-жітім осы уақыт аралығында салыстырмалы түрде тұрақты болып қала берді. Мақсаты: 2015-2020 жылдар аралығындағы Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінде есепте тұрған пациенттердің қуықасты безі обырының эпидемиологиялық көрсеткіштерін зерттеу. Материалдармен әдістер: бұл зерттеудің дизайны көлденең ретроспективті болды. Осы мақсатқа жету үшін біз Шығыс қазақстан облысы Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінде қуықасты безі обырымен байқалатын пациенттердің ресми медициналық құжаттамасына талдау жүргіздік. Зерттеу әдістеріне 2015 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы простата обырының барлық тіркелген жағдайларының деректерін көшірдік. Біз ҚБО-ның жас-жыныстық, этникалық және морфологиялық ерекшеліктерін зерттедік. Нәтижелерді статистикалық өңдеу Excel 2010 программасы арқылы жүргізіліп, алынған мәліметтер диаграмма түрінде көрсеттік. Нәтижелер: зерттелген уақыт аралығында (2015-2020жж), Семей қаласы онкологиялық және ядролық мединалық орталық мәліметі бойынша қуықасты безі қатерлі ісігімен 385 жағдай тіркелген, соның ішінде 44 жағдай өліммен аяқталған. Этникалық құрамы бойынша қазақтар жалпы орта есепте 75,09%, орыстар 25,5%, басқа ұлт өкілдері 19,3% құраған. Науқастардың көпшілігі 1-2 кезеңінде бақылауға алынған. 3 кезеңдегі науқастар, кездесу жиілігі бойынша 3 орында тұр. Қорытынды: Қуық асты безі обыры деңгейінің соңғы(2015-2020) жылдар аралығыда өсуі тек ғана Семей қаласында ғана емес, сондай-ақ дүниежүзілік деңгейде де өсім байқалады. Басты себебтер ретінде ер адамдар өмір салтының өзгеруі, жаппай қалаға көшу, шылым шегу және де ауқымды түрде скринигтіктік шараларды енгізу. ПСА срининг- обырдың бастапқы 1-2 кезеңдерінде көптеп анықталуына алып келді. Сол себебті қуық асты безі обыры емдеу шараларын қайта қарау басты сұрақтардың бірі ретінде қарастыруы керек. en_US
dc.subject қуықасты безі обыры en_US
dc.subject обыр кезеңдері en_US
dc.subject Семей қаласы en_US
dc.subject простат спецификалық антиген en_US
dc.title 2015-2020 Жылдар аралығындағы семей қаласы қуық асты безі обырының эпидемиологиялық көрсеткіштері en_US
dc.type Article en_US


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в Репозитории НАО МУК


Просмотр

Моя учетная запись

Статистика