Abstract:
Теміртапшылықты анемия — қан сарысуында, сүйек миында, деполарда темірдің жетіспеуінен дамитын анемия. Популяцияда жиі таралуына, жасырын формада өтуіне байланысты ең өзекті мәселелердің бірі. Мақалада отандық және шетелдік әдеби деректер қолданылған және Семей қаласы бойынша темір тапшылық анемияның белгілері мен қауіп-қатер факторларының таралуы туралы авторлардың өз зерттеулерінің нәтижелері келтірілген.
Мақсаты: Семей қаласы бойыша теміртапшылық анемияның клиникалық белгілері мен қауіп факторларының таралуын зерттеу.