Аннотации:
Мақалада шетел тілі ретінде қазақ тілін оқытуда қолданылатын көрнекі оқу әдістері қарастырылған. Сонымен қатар мақала авторлары негізгі ережелерді анықтау барысында пәндік-бейнелеу көрнекі әдістерін пайдалану қажеттігін ескерген. Шетелдік студенттермен сабақ барысында сөйлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған инфографика қолдануының дидактикалық және функционалдық әлеуетіне ерекше назар аударылған. Авторлар шет тілі ретінде қазақ тілі сабағында көрнекіліктің базалық дидактикалық қағидатын іске асыру аясында инфографика лингвоәдістемелік әлеуетін оқытудың маңыздылығын түсіндіреді.Мақалада көрнекі әдістемелер мен инфографиканың шетелдік студенттердің сөйлеу тәжірибесіне зор ықпалы бар екендігі жайлы мысалдар келтірілген. Тіл үйренуде ынтасын арттыруда таптырмас құрал болып табылатын мұндай әдістемелердің артықшылықтарының арасында бірегейлік айшықталып, дайын материалдардың алдын-ала бейімделусіз пайдалану мүмкіндігі тағы айтылған.Мұндай құралдардың ішінде ерекше бірегейлік, дайын материалдарды алдын-ала бейімдемей қолдану, сонымен қатар тіл үйренуде ынтасын арттыру құралы болып табылатыны анық.