Аннотации:
Шаштағы макро-және микроэлементтердің құрамын анықтау маңызды сот-медициналық диагностикалау белгісі болып табылады. Мақалада Орталық Қазақстан тұрғындары шаштарының элементтік құрамын зерттеудің материалдары көрсетілген. Индуктивті қатынасқан плазмамен атомды-эмиссиялық спектрометрия әдісімен шаштағы Cu, Zn, Co, Fe, Cr, Mn,Cd, As, Pb, Ni, P, Са, K және Mg мағынасының талдауы жасалынды. Тұрған жеріне, жынысына, жасына, жұмыс орны мен кәсіби өтіліне байланысты тірі адамдар мен өліктерде осы элементтердің ену, тарау және сақталу ерекшеліктері қарастырылды. Кенттенген және ауылдық аумақтарда тұратын халықтағы макро-мен микроэлементтік мағынасының ашық көрінетін ерекшеліктері анықталды. Ауданның өнеркәсіптік-индустриалды кәсіпорындарында жұмыс істейтін тұлғаларда және өнеркәсіптік салада жұмыс жасамайтын тұлғаларда микроэлементтік теңгерімсіздігінің талдауы жасалды. Сонымен қатар, өндірісте ұзақ уақыт жұмыс жасайтын тұлғаларда ағзаның макроэлементтермен төмен қамсыздандырылуы жағдайында шаштарында уытты химиялық элементтердің шоғырлануының маңызды артып кетуі анықталған болатын. Жас индексіне және жынысына байланысты ерекшеліктер анықталды. Аумақтық индустриалды кешендердің әсер етуімен пайда болатын шаштағы элементтердің жинақталу деңгейлерінің сипаттық индикаторлық көрсеткіштері ерекшелінді. Сот-медициналық сараптама кезінде адамды сәйкестендіру үшін ең оптималды критерийлерді таңдау мәселелері қарастырылды.