dc.description.abstract |
Предиабетпен ауыратын науқастардағы қан тамырлары қабырғасының өзгеруі қазіргі уақытта жақсы түсінілмеген, дегенмен, тіпті преддиабет сатысында эндотелий дисфункциясы (ЭД) пайда болады.
Мақсаты: диабет алды жағдайы бар науқастардағы эндотелиальды дисфункция маркері - Endocan-1, интима-медиа қалыңдығы (ИМҚ) және инсулинге төзімділік (ИТ) көрсеткіштері арасындағы байланысты зерттеу.
Материалдары мен әдістері: 18-ден 65 жасқа дейінгі 133 адамның қатысуымен кросс-секциялық бақылаулы зерттеу жүргізілді. Сауалнама мен клиникалық бағалау жүргізілгеннен кейін, зерттеуге қатысушылар 2 топқа бөлінді: 1 топ (n=55) – диабет алды жағдаймен ауыратын науқастар, 2 топ (n=78) – диабет алды жағдайы жоқ науқастар. HbA1c деңгейі 5,7% -дан 6,4% дейін көрсеткіш диабет алды жағдай деп саналды. Жалпы ұйқы артериясын (ЖҰА) ультрадыбыспен өлшеуде ИМҚ≥0,9 мм болуы атеросклероздың бар екендігін көрсетті.
Нәтижелер: Endocan-1 деңгейіндегі айтарлықтай айырмашылықтар 1-тобы (орташа±SD: 1787.18±435.1 пг/мл) мен 2 топ (626.19±118.1 пг/мл; p=0.01) арасында анықталды. Сондай-ақ ИМҚ зерттеуінде 2-топпен салыстырғанда 1-ші топтағы науқастарда айтарлықтай айырмашылықтар табылды, осылайша оң ЖҰА-ның ИМҚ 0,85±0,18 мм, сол жақ ЖҰА-ның ИМҚ 0,96±0,22 мм (p=0,03) диабет алды жағдаймен ауыратын науқастарда болды.
Корреляциялық талдауда Endocan-1, оң ЖҰА-ның ИМҚ (r=0.62; p=0.005), сол жақ ЖҰА-ның ИМҚ (r=0.86; p≤0.001) және атеросклероз (r=0.86; p≤0,001) араларында корреляциялық байланыс анықталды. Бұл мәліметтер диабет алды жағдаймен ауыратын науқастарда Endocan-1 жоғарылауы ЖҰА-ның ИМҚ қалындауымен байланысты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, Endocan-1 деңгейінің жоғарылауы осы науқастарда суб-клиникалық атеросклероздың дамуына әсер етеді.
Endocan-1 инсулинмен (r=0,27; p=0,03), IR-HOMA индексімен (r=0,37; p=0,02), C-пептидпен (r=0,23; p=0,03), аш қарындағы глюкозамен (r=0,22; p=0,05) дәлелді корреляцияны көрсетті.
Қорытынды: біз диабет алды жағдаймен ауыратын науқастарда Endocan-1 биомаркері, ЖҰА-ның ИМҚ және ИТ арасындағы байланысы бар екендігі анықталды. ИТ жоғарлауы Endocan-1 деңгейінің және ИМҚ-ның жоғарылата отырып, науқастарда ЭД және жүрек-қан тамырлары қаупінің жоғарлауына алып келеді. |
en_US |