Abstract:
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және салауаттылық жағдайын көрсететін қоғамдық дамудың маңызды өлшемі жұмыс істейтін халықтың денсаулық жағдайы болып табылады. Психоәлеуметтік өндірістік орта еңбекті ұйымдастыру мәдениетінен, сондай-ақ адамдардың өзара қарым-қатынастарынан, олардың рухани құндылықтарынан, наным-сенімдерінен және кәсіпорында күнделікті қызметтен тұрады. Бұл факторлар жиынтығында жұмысшылардың психикалық және физикалық жай-күйіне әсер етеді. Эмоционалдық немесе психикалық стресс тудыруы мүмкін факторлар жиі стресс факторлары деп аталады. Осыған байланысты, психоәлеуметтік өндірістік ортаны салауатты жұмыс орындарын құраушы ретінде зерделеу қажеттілігі туындайды. Мақсаты: өндірістегі кәсіби қауіптерді басқару үшін психоәлеуметтік өндірістік ортаның факторларын зерттеу.