dc.description.abstract |
Кіріспе: қант диабетінің (ҚД) даму қауіпі бар науқастарда көмірсу алмасуының патогенетикалық даму механизмдерін зерттеу қазіргі кезеңде ғылыми зерттеулер үшін перспективті тақырып болып табылады. Гиперинсулинемияның фундаментальды патогенетикалық рөлі 2 типті ҚД даму қауіп факторы ретінде көптеген преспективті зерттеулере анықталған. Сонымен қатар қазіргі кезеңде қолданылатын әдістер арасында жалпы гликемиялық өзгергіштіктің негізгі факторы болып табылатын, гликемия және оның түрленгіштік феноменін реттейтін параметрлердің байланысын зерттеу қызығушылық туғызуда. Берілген мақалада зерттеу пәні FINDRISK шкаласы бойынша есептелген 2 типті ҚД он жылдық даму қауіпі бар науқастардағы HOMA-IR инсулинорезистенттілік индексі мен 1,5 ангидро-Д-глицитол арасындағы потенциялды байланысы болып табылады.
Материалдар мен әдістер: 2 типті ҚД даму қауіпі бар 213 науқас. Зерттелуші екі топтарда клиникалық мәліметтерді жинау, көмірсу алмасын зерттеу жүргізілді: аш қарынға глюкоза, гликирленген гемоглобин, инсулин, 1,5 ангидро-Д-глицитол. Статистикалық саралау Спирменнің рангтық корреляциясын, бинарлы логистикалық регрессия әдістерін қолданумен жүргізілді.
Нәтижелері: 1,5 AG және ДСИ (r=0,213), БА (r=0,260), САҚ (r=0,143), ДАҚ (r=0,143), ҮГ (r=0,147), инсулин (r=0,215) және НOMA-IR (r=0,232), FINDRISK (r=0,161) араларында маңызды оң корреляциялық байланыс анықталды.
Қорытынды: FINDRISK шкаласы бойынша ҚД жоғары даму қауіпі 1,5 AG мөлшерінің төмендеуімен ассоцирленген, яғни көмірсу алмасу бұзылысының даму қауіпін бағалауда потенциалды тиімді маркер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. |
en_US |