Аннотации:
Ұсынылған мақала, ауыз қуысы шырышты қабығының созылмалы ауруларына шалдыққан науқастарда
микробиценоздың бұзылыстары кезінде жүретін негізгі үрдістерге қатысты заманауи әдебиеттер анықтамаларына шолу жасауға арналған. Ауыз қуысы шырышты қабығының зерттелетін жағдайлары, ассоциативті
түрдегі дисбактериоздың жергілікті микрофлорасының тұрақты бұзылыстарына жалғасады. Бұл патологияда,
ауыз қуысындағы басым микроорганизмдер ретінде ішек таяқшасы мен Candida текті саңырауқұлақтар
монодақылда және стафилакокктар жиынтығында өсіріледі. Аталмыш патология кезінде, емдеу үрдісінде
бақылаудың динамикасы мен микроэкологиялық мониторингті қолдана отырып, ауыз шырышты қабығының
дисбиотикалық бұзылыстарының пайда болуы мен оны коррекциялау жолдарының сұрақтары стоматолог
мамандарының көмегімен қамтылған.