Abstract:
Жасушадан тыс нейтрофильді тұзақтар иммунитетке иммундық жүйенің өзіндік жаңа парадигмасын
көрсетеді. NET деконденсирлен ядролық ДНК мен байланысқан гистондардың қосындысынан тұратын
белсендірілген антимикробты жіпшелерден құралып, жасушадан тыс ортаға лақтырылады. Осы ДНК
торшаларына түскен микроорганизмдер антимикробты пептидтермен әсерінен өлімге ұшырайды. нейтрофилді
тұзақтардың екі жақтық қасиеті анықталды: бір жағынан қорғаныштық қызмет атқарып, екінші жағынан,
керісінше, тіндік зақымдануға әкеледі. Осыған орай, әр түрлі патологиялық жағдайлардың ағымы мен нәтижесін
анықтауда жасушадан тыс нейтрофилді тұзақтардың түзілуін бағалау сөзсіз маңызды және өзекті.