Abstract:
Бұл жұмыстың мақсаты Арал өңірі тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-гигиеналық факторлары әсерін зерттеу болып табылады. Зерттелетін аймақ ретінде экологиялық апат аймағы Қызылорда облысы, Арал қаласы алынды. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері тұрғындардың психикалық денсаулығына экологиялық қолайсыз ортасы тікелей әсер еткендігі туралы көрініс берді. Арал өңіріндегі тұрғындардың біршама үлесі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға адекватты бейімделе алмайтындығы қорытындалды,бірақ халықтың көпшілігі алдағы болашақ өмірдің барлық аспектілеріне оптимисттік көзқараста екені анықталды. Тіршілік ету ортасына қарай мазасыздық, үрейлік сезімдерін анықтау мақсатында қолданылған Спилберг-Ханин сауалнама нәтижелері жоғары дәрежедегі тұлғалық үрейлік (ТҮ) көрсеткіші 40балл, орташа дәрежедегі үрейлік 46 балл жағдайлар анықталды. Төменгі дәрежедегі реактивті үрейлік (РҮ) көрсеткіштері 37 балл жағдайлары анықталған.