Abstract:
Мақала шет елде және Қазақстанда жүктілердегі артериялық гипертензияның емдеу тактикасының негізгі қағидаларына әдебиеттер мәліметтері сараптамасына арналған. Тератогенді және фетотоксинді әсерді ескере отырып, қандай жағдайда жүктілерге жүйелік гипотензиялық терапияны тағайындау мәселесі шешілмеген сұрақ қарастырылды. Көпшілік авторлардың пікірі бойынша, гипотензиялық терапияны АҚ 160/110 мм сын.бағ. асқанда ғана жүргізу керек. Әлі күнге дәрілік заттарды таңдау және оларды оңтайлы қосарландыру сұрағы ашық күйде сақталуда.
Жүктілердегі дәрілік терапияның негізгі қағидалары болып, дәлелденген нәтижелілік, дәлелденген қауіпсіздік және дәріні жеке дара тағайындау ерекшеленді.
Әдебиеттер сараптамасы бойынша, Қазақстан Республикасында жүктілердегі артериялық гипертензия емінің негізгі қағидасы – жоғары деңгейлі артериалық қысыммен шақырылған асқыныстың алдын алу, жүктіліктің сақталуы, ұрықтың қалыпты дамуы және асқынусыз босану.