Abstract:
Мақалада Орталық Қазақстанның орташа білім беретін мекемелерінің 1-11 сыныптарында оқитын 6 жастан бастап 17 жас аралығындағы 4249 балалар мен жасөспірімдердің антропометриялық көрсеткіштері мен талдау нәтижелері көрсетілген. Зерттелушілер 12 жас топтарына (6-17 жас), әрі қарай балалардың жынысы мен ұлт ерекшеліктеріне қарай жіктеледі. Орталық Қазақстанның мектеп жасындағы балалар популяциясының өсуі мен дамуының жастық және этникалық ерекшеліктері негативті процестермен байланысты көптеген отандық және шет ел авторларымен бекітілгендей дене дамуының нашарлауымен жүретіндігі анықталды.