Abstract:
Мақалада таукен өндірісі, оның ішінде кен байыту кешені жұмысшыларына әлеуметтік-гигиеналық факторлардың әсері бағытындағы еліміздің және шет елдері ғалымдарының зерттеулеріне егжей-текжейлі шолу жүргізілген. Қазіргі таңда кен байыту кешені жұмыскерлерінің сырқаттанушылық деңгейінің арта түсуі, медициналық көмек көрсетудің төмен деңгейі, кәсіби қауіп топтарына физикалық-химиялық факторлардың әсер ету мәселелері өзектілігін жоймаған және ғылыми ізденістерді қажет етеді.