Аннотации:
Әдеби шолуда созылмалы жарақаттан кейінгі остеомиелиттің емінде заманауи травматология мен ортопедияда қолданылатын биоыдыраушы материалдар жайлы жазылған. Биоыдыраушы материалдардың артықшылықтары мен кемістіктері, қолдану жері, техникалық сипаттамалары мен ерекше қасиеттері көрсетілген. Жиі қолданылатын сүйек қуысы толтырғыштарының негізгі сипаттамсы толық жазылған. Ол тәжірибеде қызмет атқаратын дәрігерлерге ота әдісін таңдағанда жеке және оңтайлы әдісті таңдауға мүмкіндік береді.