Аннотации:
1. Саркоидоз бен өкпенің басқа да диссеминацияланған аурулары кезінде клиникалық гетерогенді топтарда алғаш рет салыстырмалы иммуногистохимиялық зерттеу жүргізілді және торакобиопсия материалдары бойынша CD68 экспрессиясының рөліне баға берілді.
2. Әзірленген «Өкпе саркоидозының сараланған диагностикасы» алгоритмін гранулематозды үрдістің патогенезі туралы білімді түзетуге және СD68-ді иммунопатологиялық үрдіспен байланыстырылған өкпенің гранулематозды зақымдануларын морфологиялық верификациялау кезінде маркер ретінде қолдануды ұсынуға мүмкіндік береді.
3. Қазақстан Республикасында алғаш рет өкпенің жұқпалы және инфекциялық емес генездегі гранулематозды ауруларының эпидемиологиялық статусына ретроспективті талдау жүргізілді, бұл өкпенің саркоидозы бойынша тізілім құруға мүмкіндік береді, бұл ерте диагностиканың сапасын жақсартуға және терапияны түзетуге мүмкіндік береді.