Аннотации:
1 Арал өңірінің экологиясы қолайсыз (апатты және дағдарыс) аймақтары тұрғындары арасында гепатобилиарлы жүйе аурулары мен қандағы микроэлементтер құрамын кешенді клиникалық- функциональдық зерттеу барысында созылмалы криптогенді гепатиттің даму қаупі жоғары екені анықталды. Созылмалы криптогенді гепатит персистирлеуші ағымды, минимальді белсенділікте және қандағы микроэлеметтер өзгерісі – мырыштың төмендеуі мен мыстың жоғарылауы анықталды.
2 Арал өңірінің апатты аймағы ауасынан алынған ұсақ дисперсті шөгінді шаңмен тыныстандырғанда экспериментальді жануарларда гепатоциттердің қабынуы мен айқын перипортальді аймақтың фиброзымен көрінді. Бұндай өзгеріс экспериментальді жануарлар қаны мен бауыр паренхимасында мырыштың төмендеуі мен мыстың жоғарылауымен жүрді.
3 Арал өңірінің дағдарыс және апат аймақтары тұрғындары арасында созылмалы криптогенді гепатиттің дамуы бойынша қауіп топтарын анықтаудың математикалық моделі құрастырылды.