Аннотации:
Мақалада Қарағанды медицина университетінде философияны оқыту әдіснамасын жаңғыртудың тәжірибесі қарастырылады. Ол Қазақстандағы университеттік білім беру стратегиясына сәйкес жүзеге асырылуда. Авторлар университеттің миссиясы туралы қазіргі түсінігінде прагматизм мен либеерализмнің бірлігін атап көрсетеді. Қазақстандық университеттерде философияны оқыту әдіснамасын жаңғыртудың міндеті – оны оқу пәні ретінде және сонымен бірге ойлау тәсіліі ретінде жүзеге асыру». Ойға емес, ойлануға үйрету қажет» - деген Канттың идеясы жетекшілікке алынады. Авторлардың пікірінше, философия пәнінен жаңа типтік бағдарлама құрылымы жағынан білімнің постклассикалық емес парадигмасына сәйкес келеді. Оның әдіснамалық негізін синергетикалық тұрғыдан қарау құрайды. Мақалада Қарағанды медицина университетіндегі студенттердің білімін қортынды бақылау нысаны ретінде тестілеуден бас тарту және оны эссе жазумен ауыстыру тәжірибесіне талдау жүргізіледі.