Аннотации:
Зерттеудің мақсаты – Арал теңізінің шаң-тұз аэрозольдерінің әсер етуі кезінде ақ нашар тұқымды
егеуқұйрықтардың қанындағы азот оксидінің мәнін зерттеу. Жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша біз
тәжірибелі топтарда бақылау тобымен салыстырғанда азот оксидінің мәні жоғары екенін анықтадық және
жүктіліктің 14-ші күніне концентрацияның жоғарлауы байқалмайды, сондай-ақ тәжірибелі топтарда тек төмендеу
үрдісі байқалады. Созылмалы гипоксияда азот оксидінің концентрациясы жоғарылайды, бұл гипоксикалық
стресс жағдайында олардың маңызды рөлін түсіндіреді. Осылайша, азот оксиді ағзадағы, оның ішінде
репродуктивті жүйедегі көптеген физиологиялық және патофизиологиялық процестерді реттеуде маңызды рөл
атқарады