Аннотации:
Зерттеудің мақсаты: тізе үсті сүйегінің көлденең сынығының сүйек арқылы остеосинтездеу әдісін жетілдіріп, оны клиникалық апробациядан өткізу.
Құралдар мен әдістер: Зерттеуге тізе үсті сүйегі сынған 48 науқас қатысты, жастары 18-77 жас. Ем түріне байланысты барлық науқастар екі топқа бөлінген: негізгі және салыстыру топтары. Бірінші және екінші топта 24 науқастан. Негізгі топтағы науқастар жетілдірілген сүйек арқылы остеосинтездеу әдісімен емделді. Салыстыру тобындағы науқастарда ашық әдіспен жасалатын оперативтік (ішке енгізіліп жасалатын) ем түрі қолданылды. Екі әдісті салыстыра отырылып бағаланған көрсеткіштер асқынулардың жиілігі мен құрылымдары, ем ұзақтықтары және клиникалық-функционалдық нәтижелер.
Зерттеу нәтижелері: Негізгі топтағы жалпы асқынулар саны 12,5%, салыстыру тобында – 41,7% (p=0,040). Амбулаторлы ем ұзақтығына байланысты негізгі топ ұтып отыр 2 есе, стационарлы ем – 71,4% (p<0,001).
Негізгі топта науқастар емінің нәтижелері тек жақсы – 79,2% және қанағаттанарлық – 20,8% деп бағаланды. Салыстыру тобында жақсы нәтиже 58,3%, қанағаттанарлық 33,3% және асқынумен - 8,3% (p>0,05).
Қорытынды: Тізе үсті сүйегі сынықтары кезінде сүйек арқылы остеосинтезді қолданса, ашық ішке енгізуші оперативтік еммен салыстырғанда жалпы асқынулар жиілігі. Сүйек арқылы остеосинтезді қолданғанда науқастардың жалпы ем ұзақтықтары стационарлық және амбулаториялықтың да есебінен азаяды. Емнің функционалдық нәтижесі біз ұсынған әдіс кезінде ашық оперативтік әдіспен салыстырғанда жақсырақ.