Аннотации:
Мақалада фтизиатрия пәні бойынша білім алушылардың тәжірибелік қызметінде клиникалық дағдыларды қалыптастыру сұрақтары қарастырылды, мысалы, клиникалық оқытудың мақсаттары мен міндеттері, кәдімгі академиялық оқытудан айырмашылығы, дайындалудың негізізгі әдістері мен элементтері және оқытудың өзіне тән сипаттары, клиникалық оқытушыларға кеңес. Оқу үдерісін ұйымдастыруға және оқу үрдісіне сәйкес аудио-визуальды заттарды дұрыс қолдану маңыздығына мән беріліп, заманауи техникалық құралдармен жаңа оқу әдістерін енгізу және оқытудың интерактивті әдісін қолдана отырып сабақ өткізудің әртүрлі комбинациясы талданды. Сабақ берудің осындай стандартты емес жолдары клиницистерді қажетті білім мен дағдылармен қысқа мерзімде қамтамассыз ететіні, аз ғана науқастармен жұмыс істеуге, материалдық құралдарды үнемдеуге мүмкіндік беретіні, тәжірибелік дағдыларды терең игеру арқылы білім алушының оқуға талпынысын күшейтіп, клиникалық ойлауды қалыптастыруға көмектесіп, құзіретті дәрігерлер дайындауға жағдай жасайтыны тұжырымдалды.