Аннотации:
Ұсынылып отырған мақалада әлемдегі, Европадағы және Қазақстандағы туберкулез жағдайының эпидемиологиясы қарастырылып, сипатталған. Соңғы мәліметтерге қарағанда әлемде және Қазақстанда туберкулездің сырқаттылығы мен өлім көрсеткіші төмендеген, бірақ туберкулездің көп дәріге төзімді түрлері көбейген. Туберкулез микобактериясының дәріге төзімділік түрлерінің пайда болу себептері, оның ішінде генетика және адамдық фактор тұрғысынан пайда болу себептері сипаттталды. Сонымен қатар көп дәріге төзімді туберкулездің клиникалық ағымының ерекшеліктері, қазіргі кездегі диагностикасы және емінің ерекшеліктері қарастырылып, сипатталды. Ұсынылған мақалада қазіргі әдебиеттермен шолу жүргізілді.