Аннотации:
Мақала медицина саласындағы әлеуметтік білім берудің ролі мен тұлғаны әлеуметтендіру мәселесіне арналған. Жоғары медициналық оқу орындарында гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңа көзқарастары мен әдістері, рухани құндылықтардың саламатты өмір салты үшін маңызы сипатталған.
Рухани білім мен тұлғаны әлеуметтендірудің маңызы үлкен. Мысалы, денсаулық дұрыс ойлауға байланысты деген көзқарас бар, себебі ойлаудың бір біріне мүлдем кереғар жағымды және теріс жақтары өзара тығыз байланысты. Ойлаудың әртүрлі формаларын талдай отырып, рухани-тарихи мұрасын, рухани құндылықтарын түсіне білу қажет.
Рухани құндылық – тәрбие, ұлттық дәстүрлер, тіл мен білім жиынтығы, ол ұлттық бірегейлікті құрайды.